«Күзет қырандары» тобы  «Ән салады мамандар» жобасында қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Күзет қырандары» тобы  «Ән салады мамандар» жобасында қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды (ВИДЕО)

29.04.2017

 «Ән салады мамандар» жобасында екінші болып «Күзет қырандары» тобы  өнер көрсетті. Топ тәлімгері – дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова. Олар Ұлықпан Жолдасовтың «Алтынай» әнін орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

«Музыка тарапынан келгенде жігіттердің дауыстарында тембрлық бояу ерекше. Дауыстары қоңыр, әдемі, жағымды, әрі қазақы бір үн бар. Ешқайсысы жаңылған жоқ, нотадан да шықпады. Мен бір ерекше әсер алдым», - деп қазылар алқасының мүшесі Арман Дүйсенов ерекше бағасын берді. Ал, Айгүл Қосанова «Күзет қырандарына» дән риза болып, «тобым керемет шоу жасады», - дейді.

Айта кету керек, «Күзет қырандары» тобы  бүгінгі жобада жеңімпаз деп танылды.

Хабарламаларға жазылу