Қазір киберспорт әлемде ерекше танымалдылыққа ие. Тіпті, кейбір мемлекетте ол кәдімгі спорт түрлерінің қатарына енген. Арнайы стандиондарда компьютерлік ойындардан чемпионаттар ұйымдастырылып, қатысушылар миллиондаған көрерменнің көз алдында өз араларындағы үздіктерді анықтайды.
Киберспортшылар дене шынықтырып, жүгіріп емес, саусақ қимылдатып ақыл-оймен жұмыс істейді.
Мысалы, 2014 жылы кезекті турнирде 25 жасар пәкістандық Сумайя Хасан үздік шығып, 1 280 000 доллар ұтып алған. Бір сұхбатында Сумайя бұл ақшаға «Lamborghini» көлігін сатып алатынын айтқан.
Егор Маркелов. «Counter-Strike» ойынының жанкүйерлеріне бұл есім жақсы таныс. Маркелов лақап атымен талай байрақты бәселекелерде топ жарған. Егор бірнеше дүркін әлем чемпионы, «Counter-Strike» тарихындағы ең үздік мерген атағына ие. Жылдық табысы 105 000 доллар.
Украиндық Александр Дашкевич қазіргі уақыттағы ең үздік, ең бай, ең танымал киберспортшыларының қатарында. Бір жылда табатын қаржысы 621 000 доллар. Оның ойын өрнегі көптеген әлем сарапшарының назарын аударып, ең беделді деген командалар сапында өнер көрсетті.
Ал дәл қазіргі уақытта әлемдегі ең бай киберспортшы - Сахил Арора. Оның жылдық табысы биыл рекорддық көрсеткішке жетіп, 1 960 000 доллар болды. 26 жасар ойыншы сұхбатта мұнымен шектелмейтіні туралы айтты.