Біләл Қуаныш: Халық шоу-бизнес жаңалықтарын көп оқығысы келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біләл Қуаныш: Халық шоу-бизнес жаңалықтарын көп оқығысы келеді

23.07.2017

«1-студия» бағдарламасының бүгінгі шығарылымы «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» тақырыбына арналды.

Бағдарлама қонақтары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ саласын бақылау басқармасының басшысы Азамат Қабдешев, «Қазақстан КВН одағының» президенті, әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы Есен Елеукен, Qamshy.kz сайтының жетекшісі Біләл Қуаныш, жаңа медиа маманы, IT-сарапшы Тимур Бектұр.

Хабар барысында Qamshy.kz сайтының жетекшісі Біләл Қуаныш рейтинг мәселесі жайлы айтып өтті.

«Мемлекеттік тапсырысты алатын ақпараттық сайттарды, олардың интернет пайдаланушыларға не ұсынып отырғанын қараңыз. Осыдан біздің мемлекеттің қандай орындарға ақша төлеп отырғанын біле аласыз. Мысалы, «Қамшы» порталы бірнеше жыл бойы «жақсы контент береміз, оқырмандарды тәрбиелейміз» деп келдік. Бірақ, рейтингтен қалып қойдық. Неге? Себебі, ел-жұрт мемлекеттік қауіпсіздікке байланысты материалды емес, шоу-бизнесті көп оқығысы келеді. Ал, бүкіл мемлекеттік тапсырыс және жарнамалық дүниенің барлығы рейтингке байланып қалған. Рейтингке жүгірген кезде журналистердің деңгейі төмендейді».

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу