Антикор республика бойынша ашық есік күнін өткізді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік республика бойынша ашық есік күнін өткізді. Қоғаммен кері байланыс орнатуға бағытталған іс-шара барысында азаматтар құқықтық кеңес алып, агенттік жұмысы жайлы мағлұмат алды. Келушілердің өтініштері қаралып, сұрақтарына жауап берілді. Шараға мектеп оқушылары да қатысты. Олар агенттік жұмысымен танысты. Жалпы, Антикор 2022 жылдан бері мемлекетке 1 трлн теңгеден астам актив пен қаражатты қайтарған. Оның ішінде 297 млрд теңге шетелден қайтарылды.
Перизат Кірісхан, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің басқарма басшысы:
Негізі активтер қоғамның игілігі мақсатында жүзеге асады. Қаражат жемқорлардан алынған, ол негізі мемлекеттің ақшасы. Балаларға арналған оңалту орталықтарына айналып, қаншама бала соның игілігін көріп жатыр.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанның автоөндірісі жаңа кезеңге өтті
11.12.2025, 20:51
Сенат төрағасы Президент Қ. Тоқаевтың Рим папасына жолдаған арнайы хатын табыстады
11.12.2025, 20:47
«Абай жолы» кітапханасы жобасы аясындағы еңбектер жарыққа шықты
11.12.2025, 20:41
Ақпаннан бастап балабақшаларға тексерістер ескертусіз жүргізіледі
11.12.2025, 20:36
Соңғы 10 айда Шымкенттің экономикасы 14,8%-ға өсті
11.12.2025, 20:14
Әлем жаңалықтарына шолу
11.12.2025, 20:14
Тұрғындар қоғамдық көлік қауіпсіздігіне алаңдайды
11.12.2025, 20:12
Алматыда пойызда 53 адам уланып қалды
11.12.2025, 20:10