«Түнгі студия» бағдарламасы туған күнін атап өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студия» бағдарламасы туған күнін атап өтеді

18.11.2014
«Түнгі студия» бағдарламасы туған күнін атап өтеді

19 қараша күні Алматыда «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» түнгі ойын-сауық бағдарламасы өзінің бірінші туған күнін атап өтпекші.

Кешке  отандық шоу бизнес жұлдыздары, атақты спортшылар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, танымал продюсерлер және режиссерлер келеді.

Кеш барысында Нұрлан Қоянбаев «Түнгі студия» қонақтарының ішінен арнайы аталым иелерін анықтамақ.

Жаңа маусымда  бағдарламаға қонаққа тек отандық эстрада және кино жұлдыздары, опера әншілері, спортшылар, режиссерлер және продюсерлер ғана емес, сонымен қатар, Ресей шоу-бизнесінің, кино, театр және цирк өнерпаздары келеді.

Бағдарламаға жаңа маусымда  алғаш болып келген қонақтардың бірі - жыртқыш аңдардың үйретушісі Эдгард Запашный. Одан кейін Геннадий Хазанов, әнші Валерия, Батырхан Шүкенов, Авраам Руссо, «Иванушки-Интернешнл» тобының мүшесі Андрей Аполлонов, Никита Пресняков, Сати Казанова, Катя Лель сияқты танымал адамдар қонаққа келген еді.

Алда көрермендер Михаил Ефремов, Елена Воробей, «На-на» тобы, «Фабрика», «Корни», «Градусы», «Бандэрос», «Уматурман», «312» тобы және басқа да жұлдыздармен болатын сұхбаттың куәсі бола алады.

Айта кетейік, «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында дүйсенбі-бейсенбі аралығында сағат 23.30-да көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу