Павлодарда балабақша тәрбиешісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Павлодарда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Себебі оның сәбилерді аса қатыгездікпен сабап жатқаны камераға түсіп қалған. Мәселен, бірінің шашын жұлып, енді бірін жағынан шапалақтайды, итеріп жіберіп, соққылап жатқан сәттері де бар. Видеоны ата-аналар бірден әлеуметтік желіге салған. Іле Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі балабақшадағы қатыгездік фактісін жеке бақылауына алды. Тергеу барысында №116 балабақша тәрбиешісі ғана емес, мекеме басшысының іс-әрекетіне де құқықтық баға беріледі, деді полиция өкілі.
Сәуле Шәкенова, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл:
Тәрбиешінің педагогикалық саладағы еңбек өтілі 10 жыл. Осы балабақшада бір жылға жуық жұмыс істепті. Топтағы барлық бала сот медициналық сараптамасынан өтеді. Соңғы 30 күндегі камерадағы жазба қаралады. Сондықтан тәрбиеші сабаған балалар саны көбейуі мүмкін.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» – «Брюгге»: Астанада қауіпсіздік күшейтілді
20.01.2026, 13:30
Интернет-алаяқтармен күрес күшейді
20.01.2026, 13:24
Сәбіз экспортына тосқауыл қойылмайды
20.01.2026, 13:21
Былтыр 913 мың адам жұмысқа кірген
20.01.2026, 13:18
Кәсіпкерлер салық режимін таңдап, хабарлама беруі керек
20.01.2026, 13:15
Курчатовта электр станциясы салынады
20.01.2026, 13:12
Р.Кенжеханұлы: Заң қазақ тілінде жазылуы керек
20.01.2026, 13:09
Әлеуметтік желіні балалардың пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін
20.01.2026, 13:06