Бүгін «Ән салады мамандар» жобасының финалы өтуде. Кәсіпқой әншілер емес, бірақ, өз саласының білікті мамандары 4 ай бойы өнер көрсетті. Солардың ішінен топ жарған топтар бүгін ақтық сында бақтарын сынайды.
Ақтаудан келген «Каспий әуендері» тобы бүгінгі жобада алғаш болып өнерлерін ортаға салды. Олар шетелдік «Носа-носа» әнін жоғары деңгейде орындап шығып, қазылар алқасының оң бағасын алды.
Әбунасыр Серіков «Каспий әуендері» тобының әнді жүрекпен айтқандары көрінгендігін жеткізсе, Жанар Айжанова қатысушылардың берілген тапсырманы ойдағыдай орындағанын айтты.