Арман Дүйсенов: Мен бүгін балаларымызбен бір тілде сөйлесіп, дос бола білетін ұстаздарды көрдім (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арман Дүйсенов: Мен бүгін балаларымызбен бір тілде сөйлесіп, дос бола білетін ұстаздарды көрдім (ВИДЕО)

15.04.2017

Адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін жандардың бірі – мұғалімдер. Әр баланың білімге құштарлығын оятып, ғылымға деген көзқарасын қалыптастыруда олардың еңбегі зор. Бүгінгі «Ән салады мамандар» жобасында бақ сынған маман иелерінің бірі осы ұстаздар қауымы.

Топ тәлімгері Мәдина Сәдуақасова «мені ұстаздар өздерінің ынталарымен, таланттарымен таң қалдырды. Ашылу керек жерде ашылып, билеу керек жерде билеп, еш қысылмай, барлық тапсырманы мүлтіксіз орындады. Соған риза болдым»,-дейді.

Арман Дүйсенов ұстаздардың өнеріне «Мен бүгін біздің балаларымызбен бір тілде сөйлесіп, дос бола білетін ұстаздарды көрдім. Заман талғамының өзгергенін ескере отырып, тәлім беретін ұстазды көрдім. Біздің санамызда қатып қалған «ұстаз белгілі бір идеологияға тәуелді, бір образдан шыға алмайтын адам», деген стеоротипті бұздыңыздар, сол үшін де Сіздерге мың алғыс»,-деп баға берді.

«Ұлағатты ұстаздар» тобы Жанар Дұғалованың орындауындағы «Айта берсін» әнін орындады.

«Ән салады мамандар» жобасының мұрағаты

Хабарламаларға жазылу