Сазгер Темірәлі Бақтыгереев дүниеден озды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сазгер Темірәлі Бақтыгереев дүниеден озды (ВИДЕО)

14.08.2014
Сазгер  Темірәлі Бақтыгереев  дүниеден озды (ВИДЕО)

Бүгін таңертең 64 жасынан асқан шағында «Барып қайт, балам, ауылға туған барып қайт» әнінің авторы, сазгер Темірәлі Бақтыгереев дүние салды.

Темірәлі Бақтыгереев 1950 жылы 23 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданы, Березин ауылында дүниеге келген.

Алматыдағы Чайковский атындағы музыкалық училище мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Кейін Саратов консерваториясында оқыды.

Темірәлі Бақтыгереевтің Айсұлу Қадырбаеваның «Барып қайт балам, ауылға туған барып қайт», Жеңіс Қашқыновтың «Ғашықтар сенімі», Фариза Оңғарсынованың «Сағыныш» сияқты өлеңдеріне жазған әндерін Нұрлан Өнербаев, Ақбота Керімбекова, «МузАРТ» тобы орындап,  жұртшылық ықыласына бөленген еді.

Марқұммен қоштасу сенбі күні Алматыда өтеді.  

Хабарламаларға жазылу