«Таңшолпан». Бүгін – Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченконың туған күні (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Бүгін – Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченконың туған күні (ВИДЕО)

05.06.2017

Бүгін - қазақстандық палуан Юрий Мельниченконың туған күні. Ол - Тәуелсіз Қазақстан тарихиындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы. Оның осыдан 21 жыл бұрын Атлантада грек-рим күресінен алған алтыны осы күнге дейін қазақстандық палуандардың қол жеткізбеген биігі.

1996 жылы Атлантада алауын жаққан XXVI Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан Ұлттық құрамасы тұңғыш рет Тәуелсіз ел ретінде қатысты. Мельниченко үшін де бозкілем бәселерінің ішіндегі ең шоқтығы жоғарысы еді. 57 келі салмақта белдескен ол Америкаға тастүйін барды.

Алғашқы белдесуінде тәжірибелі палуан екі Олимпиаданы көрген, Әлемнің екі дүркін чемпионы ресейлік Александар Игнатенкомен кездесті. 24 жастағы отандасымыздың жеңіске деген жігері мен шымдалған шеберлігі өз дегенін істеді.

Екінші, үшінші айналымда Еуропаның экс-чемпионы украиналық Руслан Хакимовпен және Әлем біріншілігінің жүлдегері румындық Мариан Сандуды айқын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Ал, ақтық сынға шығу жолында Барселона Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін Әлем чемпионы, тегі түрік Германия азаматы Йылдызбен күресті.

Ақтық айқаста жерлесімізді жергілікті халықтың сүйіктісі, Әлем чемпионы Денси Хол күтіп тұрған еді. Бүкіл Америка жұртшылығы үміт артқан бәсекеде Юрий Мельниченко тарихи жеңіске қол жеткізді.

Өзінің олимпиадалық жеңісінен бастап Мельниченко спорт мәртебесі мен қызметін бірнеше рет ауыстырып үлгерді. Алдымен спортшы, одан кейін жаттықтырушы ұстаз болса, әрі қарай Олимпиадалық жаттығу орталығын басқарды.

2004 жылдан бері ҚР Күрес федерациясы мен қауымдастығының президенті қызметін атқарды. Ал, қазіргі уақытта Астана кәсіби президенттік спорт клубының спорт менеджері қызметінде.

Хабарламаларға жазылу