Бүгін шаңғы спортынан Олимпиада чемпионы - Владимир Смирновтың туған күні (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін шаңғы спортынан Олимпиада чемпионы - Владимир Смирновтың туған күні (ВИДЕО)

07.03.2016
Бүгін шаңғы спортынан Олимпиада чемпионы  - Владимир Смирновтың туған күні (ВИДЕО)

Владимир Смирнов – Қысқы Олимпиада ойындарында чемпион атанған тұңғыш қазақстандық спортшы. Ол - 1994 жылы норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен Қысқы Олимпиада ойындарыда шаңғы спортынан сынға түсіп, 50 шақырымдық бәсекеде Олимпиада чемпионы атанған. Сондай-ақ, 10 және 15 шақырымдық бәсекеде күміс жүлде иеленген. Ол – бұл уақытта орда бұзар 30 жаста болатын.

«Олимпиада ойындарына келгенімде жасымның 30-ға толғанын білетінмін. Өзімнің соңғы Олимпиадаға қатысып жатқанымды ескеріп, қалайда Олимпиада чемпионы атануым керек деген мақсат қойдым», - дейді Владимир Смирнов.

Хабарламаларға жазылу