Ақын-драматург Серік Тұрғынбекұлы: Балаларға арналған туындылардың аз болуы көңіл бөлмеуден - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын-драматург Серік Тұрғынбекұлы: Балаларға арналған туындылардың аз болуы көңіл бөлмеуден

01.06.2017

Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай «Басты тақырып» балалар әдебиетінің қазіргі ахуалы туралы сөз қозғады.  Студия қонағы – ақын, драматург Серік Тұрғынбекұлы.

«Немерелерімнің тілі қазақша. Көпшілік жазушының немересі деп сынап қарайды. Балабақшаға барғаннан кейін орысша шүлдірлей бастады. Одан бірден шығарып алдық. Қазір қазақ мектебіне дайындық үстінде. Демек, баланың тілі қалай қалыптасатыны отбасына байланысты», - дейді қаламгер.

 «Қандай жағдай болсын, бәрі бала тәрбиесінен басталады. Ұлттық әдебиет те сол сияқты балалар әдебиетінен басталуы керек. Біз бұл жағынан көп нәрсені жіберіп алдық. Кеңес үкіметі балалар әдебиетіне қатты көңіл бөлді. Балардың тақырыбында жазатын ақын-жазушылар аз болғанмен, кітаптары көркем болды. Бұл жерде баспа құзіреттілігінің де рөлі бар. Кейін «балапан басына, тұрымтай тұсына» кеткен шақта балалар әдебиетін тіптен ұмыттық, енді-енді ес жинағандай болып жатырмыз». Бұл – ақынның балалар әдебиетінің қазіргі ахуалына қатысты айтқан ойы.  

Ал, балаларға арналған туындылардың аз болуын қаламгер «көңіл бөлмеумен», байланыстырады. «Біздің кезімізде Алаш арыстары ауызға алынған жоқ. Бірақ, солардың өзі балаларға арнап қаншама шығарма жазған. Бір кездердегі «Балдырған» журналының балаларға берген жемісі мол, ешқашан қайталанбайды. Сондағы дүниелерді жинап, кітап қылып шығарса да, балаларға үлкен азық болар еді», - дейді.    

 

Толық нұсқа 

Хабарламаларға жазылу