Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Баянғали Әлімжановтың 3 бірдей кітабы оқырман назарына ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Баянғали Әлімжановтың 3 бірдей кітабы оқырман назарына ұсынылды

25.07.2018

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада бір қаламгердің  3 бірдей кітабы оқырмандар назарына ұсынылды. Авторы - елге кеңінен танымал драматург, ақын, жазушы  Баянғали Әлімжанов. Туындылардың атауы  «Әлем әуендері», «Қырғызым бірге туғаным» және «Мейірімді Асқар». Бұл кітаптар бірнеше тілге тәржімаланған. Әр еңбектің жанры әр қилы. Олардың арасында кішкентай оқырмандарға негізделген ертегілер, ересектерге бағытталған философиялық орамды ойлар, тіпті, ән-жырларды зерделеген туындылары бар. Оның барлығын автор салтанатты шара барысында жиналған қауымға таныстырды.

Баянғали Әлімжанов, ақын, драматург, жазушы:

- Туындыларымды кітапханаға сыйлайын деп тұрмын. Кітапханаға кітап сыйлау халыққа кітап сыйлау деген сөз. Біздің рухани қазынамыз кітапхана, осының ішінде тұрсын деген ниетпен тапсырайын дедім. 

Мөлдір ЕРНАЗАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу