«Мұқағали» поэтикалық драмасы қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мұқағали» поэтикалық драмасы қойылды

08.02.2014
«Мұқағали» поэтикалық драмасы қойылды
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев тірі болғанда ертең 83-ке толар еді. Астанада Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры репертуарындағы драматург Серік Тұрғынбекұлының «Мұқағали» поэтикалық драмасы қойылды. Драма 2004 жылы алғаш рет сахналанған, содан бері көрермендер тарапынан жоғары сұранысқа ие қойылымның бірі. Қойылым ақынның өмірінен бір үзік сырды баяндайды. Оның тірі кезінде бағаланбай, қоғамнан көрген қиянаты мен жан күйзелісін байқатады. Бір ғана ақын өмірі арқылы өмір сүріп отырған ортаның хал-ахуалын көрсетеді. Мақсат – өмірін поэзияға арнаған ұлы тұлғаның бейнесін театр өнері арқылы көрерменге насихаттау.
 
Серік Тұрғынбекұлы, драматург:
Ақынның туған күніне байланысты жыл сайын республика көлемінде көптеген мерекелік шаралар өтіп жатады. Көрермен үшін де, автор үшін де, Мұқағалидың руһы үшін де жасалып жатқан үлкен руһани қызмет.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу