Қанат Ислам: Мен бұл жеңісімді Елбасына арнаймын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам: Мен бұл жеңісімді Елбасына арнаймын (ВИДЕО)

27.05.2017

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы өткізген жекпе-жекте жеңіске жетті. Қолғап түйістірген боксшылар арасындағы жұдырықтасу 12 раундқа созылып, төрешілер шешімі бойынша отандасымыздың жеңісімен аяқталды.

Қанат Ислам өз сөзінде бүгінгі жеңісін Елбасына арнайтынын жеткізіп, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен белгілі кәсіпкер Бауыржан Оспановқа алғысын айтты.

Хабарламаларға жазылу