Илья Ильин жаһандық рекордты жаңартты (БЕЙНЕБАЯН) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илья Ильин жаһандық рекордты жаңартты (БЕЙНЕБАЯН)

16.11.2014
Илья Ильин жаһандық рекордты жаңартты (БЕЙНЕБАЯН)

Халқымыздың мақтанышы, Илья батырымыз ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы атанғанын өздеріңіз көрдіңіз. Илья 105 келі салмақ дәрежесінде 242 келіні еркін көтеріп, жаһандық рекордты жаңартты.

Сөйтіп, қоссайыстың нәтижесі бойынша 432 келіні бағындырды. Ильяның жеңістеріне әркез тілекші Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әлем чемпионын телефонмен құттықтады. Сол жарыстың жарқын сәттерінен көрініс көріңіз.

Илья Ильин, ауыр атлет, төрт дүркін Әлем чемпионы:

Бірінші кезекте Президент Нұрсұлтан Әбішұлына үлкен алғыс айтамын. Өйткені, маған Елбасы үлкен сенім артты. Қиын сәтте көмектесіп, рух берген кісілердің жақсылығын ұмытпаймын.

Сондықтан, бұл жеңісімді Елбасына және Қазақстан халқына арнаймын. Халықты көргенде арқаланып,  242 келіні оп-оңай көтердім.  Алға Қазақстан!

Айнұр ОМАР

Хабарламаларға жазылу