Салықты төлемейтін, не төлегісі келмейтіндер көп. Алматыда қазір салығын бірнеше жылдан бері төлемей, қара тізімде жүрген 300 мыңға жуық адам бар. Олардың мемлекет алдындағы берешегі 7 млрд. теңгеден асады. Оның 60 пайызы – көлік салығы, қалғаны жылжымайтын мүлік пен жерге қатысты міндетті төлемдер.
Берешегін бермей жүргендерге алдымен «уақытылы төле» деп ескерту жібереді. 10 күннің ішінде төлемесеңіз, барлық шотыңыз автоматты түрде бұғатталады.
Көлігі ең көп Алматыда биыл наурыздың соңына дейін салығын төлемеген 1704 азаматтың автомобилі тәркіленді. Олардың берешегі - 371 млн. теңге.
Елімізде салықты жылдам әрі оңай төлеудің жүйесі қалыптасқан. Уақытынан асып кетсе, қосымша мерзім де беріледі. Ал, кейбір мемлекеттер кешіктіргені үшін де ақша өндіріп алады.
Интернет арқылы сауда жасайтындар қандай салық төлейді? Заңсыз некеде тұрғаны үшін азаматтары салық төлейтін мемлекет қайсы? Тіпті бейбіт күндері үшін де қазынаға қаржы салатын ел бар.