Асу Жарқынұлы: Ес білгелі әскери адам болғым келді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асу Жарқынұлы: Ес білгелі әскери адам болғым келді (ВИДЕО)

05.05.2017

Алматы республикалық әскери мектеп-интернаты 1983 жылы Суворов мектептерінің үлгісінде ашылған. Оған 1991 жылы Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының есімі берілді. Ал, 2015 жылдан бастап мектеп атауы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас Ұлан» әскери мектебі болып өзгерді. Бүгінде аталмыш оқу ордасында 400-ге тарта оқушы білім алып жатыр.

Осы мектепті биыл бітіретін түлектер Шуақ Жандосұлы, Асу Жарқынұлы, Бақнұр Нұрмахан «Айтуға оңайда» қонақта болды.

Түлектердің бірі Асу Жарқынұлы әскери мектепті таңдаудағы мақсатымен бөлісті.

«Ес білгелі әскери адам болғым келді. Мақсатым – елімді қорғау. Қазір бұрынғы сыныптастарыммен әңгімем жараспайды. Себебі, орта өзгерген соң, адамның ойлау жүйесіне де әсер етеді екен. Оның үстіне мойныңа жауапкершілікті артып, соңыңда бүкіл Қазақстан тұрғанын білу – әрине, есейтеді»,-дейді ол.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу