«Батыр арулар» байқауына 40-тан аса әскери қызметші қыздар қатысуға тілек білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Батыр арулар» байқауына 40-тан аса әскери қызметші қыздар қатысуға тілек білдірді

08.02.2015
«Батыр арулар» байқауына 40-тан аса әскери қызметші қыздар қатысуға тілек білдірді

Осы орайда, аталған сайысқа қатысуға ниет білдірген 55765 әскери бөлімі фельдъегерлік пошта байланысы қызметінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Айдай Үсенова байқау қарсаңындағы ойларымен бөлісті.

«Осындай байқау ҚР Қарулы Күштерінде тұңғыш рет өтуде. Сондықтан аталған сайысқа қатысу мен үшін және менің әріптестерім үшін қызықты.

Әрине, менің де 12 үздік қатысушының қатарында болғым келеді. Алайда, «Батыр арулар» байқауына қатысқанымның өзі жетістік ретінде көпке дейін көкейімде жүреді», - дейді Айдай.

Сауалнама-өтінімдер 2015 жылдың 10 ақпанына дейін қабылданады. Жинақталған байқауға қатысушылардың суреттері мен жеке сауалнамалық мәліметтері ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланады.

Интернет арқылы дауыс берудің басталғаны туралы ресми хабарланғаннан кейін азаматтар өз дауысын ұнаған қатысушыға бере алады.

Қорытындысында ең көп дауыс жинаған 12 қатысушы анықталып, іріктеледі. Жеңімпаздардың қатысуымен кәсіби фотосессия ұйымдастырылып, фотолар 2015-2016 жылдарға арналған арнайы күнтізбеге басылып шығарылады.

Ал, күнтізбелер өз кезегінде ҚР ҚК әскери бөлімдері мен бөлімшелеріне таратылатын болады.

 

Фото: mod.gov.kz

Хабарламаларға жазылу