Қорғаныс министрлігі Отан қорғаушылар күніне арналған акция бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс министрлігі Отан қорғаушылар күніне арналған акция бастады

19.04.2016
Қорғаныс министрлігі Отан қорғаушылар күніне арналған акция бастады

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Отан қорғаушылар күніне арналған акцияны басталды. Ер азаматтарды 7 мамыр мерекесімен құттықтау үшін жай ғана өзіңнің парақшаңда мерекелік аквагрим бар видео немесе фотоны орналастырып, селфи жасап немесе шағын видео түсіру жеткілікті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Акция #kzarmy және #7мамыр хэштегімен әлеуметтік желілерде бастау алады. Кез келген адам әлеуметтік желілерде фото немесе видеосымен бөлісіп, туған-туысқандарына, достарына және әріптестеріне құттықтау гримінің эстафетасын ұсына алады. Аквагрим мейрам символы түрінде орындалып, қолға салынуы тиіс. Бұл идеяны қолдап, қорғаушыларымызды айрықша «жауынгерлік бояумен» бояп, құттықтағандардың арасында алғашқылардың бірі қазақстандық эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Айгүл Иманбаева, Тамара Асар, Майра Ілиясова, Серік Ибрагимов, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы және тағы басқалар болды.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында барша ел осынау маңызды мемлекеттік мерекені кеңінен атап өтетінін айта кетейік. Әскери бөлімдер мен бөлімшелерде салтанатты сап түзеулер өткізіліп, жауынгерлік және оқу-жаттығу даярлықтарында ерекше көзге түскен азаматтарды марапатталады. Соғыс және еңбек ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, олардың қатысуымен мектеп оқушыларына арнап ерлік сабақтары өткізіледі. Білім беру мекемелерінде мерекелік ертеңгіліктер, байқаулар, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар, сондай-ақ салтанатты сап түзеулер өткізіледі.

Биыл Отан қорғаушылар күні 2016 жылдың тарихи атаулы датасы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және «Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!» бірыңғай ұраны аясында өтеді.

Хабарламаларға жазылу