Әлем бойынша авиация саласы романтикалық мамандықтар қатарына жатады. Әрі үлкен жауапкершілікті қажет ететін қиын сала екені де рас. Әуедегі сапарыңызды қауіпсіз ететін мамандар бүгін «Ән салады мамандар» жобасында өнер көрсетті. «Авиация саңлақтары» тобының тәлімгері әнші Кәмшат Жолдыбаева.
«Дайындық кезінде мен түзететін сәттер аз болды. Себебі, топқа шетінен өнерлі жандар жиналған. Тағы бір ерекше қасиет топ мүшелері үнемі көңілді жүреді»,-дейді тәлімгер.
Қазылар алқасының мүшесі Жанар Айжанова топтың қойылымы жобада бұған дейін өнер көрсеткен әуе қызметкерлеріне ұқсап кеткенін айтты.
«Бұған дейін жобамызда тағы бір әуе қызметкерлерінен құралған топ қатысты. меніңше, екі топтың қойылымы бір-біріне ұқсайды. Сәл де өзгерту керек еді»,-деген баға берді.