Әнші Ерлан Рысқалидың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шығармашылық кеші өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Ерлан Рысқалидың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шығармашылық кеші өтпек

28.03.2016
 Әнші Ерлан Рысқалидың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шығармашылық кеші өтпек

30 наурызда әнші Ерлан Рысқалидың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шығармашылық кеші өтпек. Сондай-ақ, өнер иесі жақында Моңғолияның Баян-Өлгий аймағына барып, концерт өткізіп келді.  

Әнші өнердегі жаңалықтары туралы тыңдармандарымен ертең  Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасы арқылы бөліспек.

Сондай-ақ, таңғы бағдарлама студиясына қонаққа «BI Жұлдызай 2016» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы фестивалінің ұйымдастырушысы Алтынай Тәңірбергенова келеді. Республикалық шара 1 маусым – Балаларды қорғау күнінде аяқталады.  

Сонымен қатар, ертеңгі бағдарламадан көктемгі көңіл-күйді реттеу, апатиямен күрес жолдары туралы психолог Айман Ысқақованың кеңесін тыңдай аласыздар. 

Еске сала кетейік, «Таңшолпан» эфирге дүйсенбі-жұма аралығында таңғы 07.00-де шығады.    

Хабарламаларға жазылу