Абылай Мырзахметов: Бірімізді-біріміз көре алмаушылықтан ажырауымыз керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абылай Мырзахметов: Бірімізді-біріміз көре алмаушылықтан ажырауымыз керек

16.04.2017

«Қазақстан» Ұлттық арнасында «1 студия» саяси ток-шоуының тұсауы кесілді.

Бағдарламада төрт спикер - Сенат депутаты Дархан Қалетаев, саясаткер, қоғам қайраткері Әміржан Қосанов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов және саясаттанушы Айдос Сарым Елбасы мақаласына қатысты ой өрбітті.  

Абылай Мырзахметов «XXI ғасырдағы қазақ қандай болуы керек?» сауалға қатысты ойын білдірді.

«Елбасы мақаласында кәсіпкерлерге қатысты біраз мәселе айтылған. Біріншісі - прагматизм. Еріншектік, жалқаулық, менмендік сияқты қасиеттерден, ысырапшылдықтан ада болсақ, бәсекеге қабілетті боламыз. Бірімізді-біріміз көре алмаушылықтан ажырауымыз керек.

25 жылда халқымыздың саны да, сапасы да өзгерді. Қазіргі қазақ азаматтары, кәсіпкерлер бәсекеге дайын. Әрине, әлі де қолдау керек, олардың аяқтан тұруына жағдай жасалуы керек», дейді мемлекет қайраткері.

Хабарламаларға жазылу