«Ұлы дала кілемдері» тобы:  «Ән салады мамандар» шоуында жеңіске жетсек, көпбалалалы отбасына көмек көрсетпекпіз (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала кілемдері» тобы:  «Ән салады мамандар» шоуында жеңіске жетсек, көпбалалалы отбасына көмек көрсетпекпіз (ВИДЕО)

25.03.2017

«Ұлы дала кілемдері»  кілем тоқушылар тобы «Ән салады мамандар» музыкалық шоуында бірінші болып өнер көресетті. Олар Қайрат Нұртастың образында «Бара алмадым қасыңа» әнін шырқады.

Қатысушылардың мақсаты - жеңіске жету. «Егер 3 миллион теңгені ұтып алсақ, көпбалалалы отбасыларға көмектеспекпіз», дейді олар. Музыкалық жобада сәтті өнерлерімен қазылар алқасының жоғары ілтипатына ие болды. Тәлімгері – «Жігіттер» квартетінің мүшесі Айдар Тұрғанбекұлы.

Сонымен қатар, қатысушылар шоу барысында  Ұлттық арна ұжымына және жетекшілері Айдар Тұрғанбекұлына алғыстарын жеткізіп, арнайы кілемдерді сыйға тарту етті.

Хабарламаларға жазылу