«Әуе жұлдыздары» тобы «Ән салады мамандар» жобасының жартылай финалына шықты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әуе жұлдыздары» тобы «Ән салады мамандар» жобасының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)

15.04.2017

«Ән салады мамандар» жобасының бүгін төртінші саны эфирге шықты. Жобада «Ұлағатты ұстаздар», «Цирк таланттары», «Әуе жұлдыздары» топтары өзара бақ сынады.

Жарыс жолынан шығатын бір топты қазылар алқасы анықтайтын болса, екінші топты көрермендер дауыс беру арқылы анықтайды.

Сонымен, қазылар алқасының шешімі бойынша «Цирк таланттары» тобы  жобадан шықты. Ал, көрермендердің дауыс беру нәтижесінде «Әуе жұлдыздары» тобы жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар,  бүгінгі жобада қазылар алқасы өз араларында тағы бір шешім қабылдағандықтарын жеткізді.

«Алда өнер көрсететін топтарды іріктеу барысында бір емес, бірнеше топты  шығарған жағдайда «Цирк таланттары» мен «Ұлағатты ұстаздар» тобын кез келген уақытта шақырып алуымыз мүмкін», - деді қазылар алқасының мүшесі Жанар Айжанова.

Хабарламаларға жазылу