«Таңшолпан». Режиссер Ақжол Әбілов: «Көзайым» телехикаясын мақтан тұтамын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Режиссер Ақжол Әбілов: «Көзайым» телехикаясын мақтан тұтамын (ВИДЕО)

11.04.2017
«Таңшолпан». Режиссер Ақжол Әбілов: «Көзайым» телехикаясын мақтан тұтамын (ВИДЕО)

Біраз уақыттан бері Ұлттық арна көрермендері «Көзайым» телехикаясын тамашалап отыр. Бүгін туындының режиссері, актер Ақжол Әбілов студия қонағы болып, телехикая түсірудің қызықтарымен, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Көзайым» телехикаясына кастинг екі ай бойы өтті. Дайындық барысы кастингпен қатар жүріп отырды. Ал, түсірілім барысы 55 күн уақытты алды. Шынымды айтсам, режиссер ретінде менің тек өзіме ғана мін бар. Кейбір сәттерді қазір байқаймын. Жалпы алсақ, телехикаяны мақтан тұтамын. Ұлттық арнаға алғысым шексіз.

Бітінші мамандығым актер, екнші мамандығы режиссер. Сол орайда дәл кейбір тұстарда актерлерге дұрыс бағдар бере аламын. Ал, телехикаяда ондай қиындықтар болған жоқ. Өйткені мен кино, театр саласындағы ірі тұлғалармен жұмыс істедім. Актерлердің мақсаты – режиссердің айтқанын түсіну, қойған мақсатына қол жеткізу. Ол кісілерге мінім жоқ.

Қазіргі уақытта 3 үлкен жоба жасау үстіндеміз. Менің ойымша, тек дайындыққа үш жыл уақыт кетеді. Бұл – толықметражды тарихи, заманауи, тарихи кино», - дейді режиссер.

Хабарламаларға жазылу