Француз ғарышкері Клоди Эньере мен қазақ ұшқышы Талғат Мұсабаев космонавтика саласындағы қызықты сәттерімен бөлісті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Француз ғарышкері Клоди Эньере мен қазақ ұшқышы Талғат Мұсабаев космонавтика саласындағы қызықты сәттерімен бөлісті (ВИДЕО)

12.04.2016
Француз ғарышкері Клоди Эньере мен қазақ ұшқышы Талғат Мұсабаев космонавтика саласындағы қызықты сәттерімен бөлісті (ВИДЕО)

«Ғарышты бағындыру - адамзаттың үлкен мақтанышы. Мен бәрімізді байланыстырған «Байқоңырда» өте жақсы естеліктер, тамаша сәттер өтті деп айта аламын.

Мәскеуге жақын жерде арнайы ғарышкерлер үйінде көп уақытымды өткіздім. Сол жерде Талғат Мұсабаевпен бірнеше рет жолықтым. Себебі, біз бірге жаттығу жасайтынбыз. Кәсіби деңгейі жоғары, үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүретін қалжыңбас жан. Өмірдің жақсы жақтарын көре біледі.

Қазір Мұсабаевтың осы салада жоғары лауазымды қызметте екенін білемін. Талғаттай ұлы бар Қазақ халқы бақытты», дейді Клоди Эньере.

Ал, Талғат Мұсабаев әріптестері туралы: «Француз астроновтарымен өте жақсы байланыстамыз. Француз ғарышкерлеріне космосқа шығуға көмектескен мен болатынмын. Естеріңізде болса, екінші рет ұшар кезде халықаралық экипаждың әуе кемесі бортының командирі қызметін атқардым. Өз жұмысымның француз халқы тарапынан еленгенін мақтан тұтамын», деген пікірін білдірді.

Екі ел ғарышкерлерінің достық естеліктері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.  

Хабарламаларға жазылу