«Таңшолпан». Әнші Бағдат Сәмединова: Жас әншілерге қазақ әндерін насихаттау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Әнші Бағдат Сәмединова: Жас әншілерге қазақ әндерін насихаттау керек

12.04.2017
«Таңшолпан». Әнші Бағдат Сәмединова: Жас әншілерге қазақ әндерін насихаттау керек

Бағдарламаға ҚР Еңбек сіңірген әншісі Бағдат Сәмединова қонаққа келіп, өмірдегі және өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Қазір Алматы мен Астана ортасында жүрмін. Шығармашылық кештер өте көп. Өнер университетінде сабақ беремін. Жақында университеттегі студенттеріммен олимпиадаға барып, жүлделі болдық. Соны мақтан тұтамын.

Біздің кездегі ән айту мен қазіргі ән айтуды салыстыру қиын. Біз патриоттық рухтағы, отансүйгіштік әндер айттық. Ол кезде біздерге бастысы – «диапазон, әннің жүрек пен жаннан шығуы» деп үйретті. Қазіргі жастар шетелдік әндерді айтқанды ұнатады, бағыттары өзгеше. Шет тілін білген жақсы, алайда, қазақ әнін, туған жер, ана, Отан туралы ұмытпау керек. Жас әншілерге қазақ әндерін насихаттау керек. Сондықтан, сабақ бергенде қазақ әндерін, қазақ репертуарын көбірек енгізуді жөн көремін», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу