Билл Гейтстің тегін бөлген 8 шәкіртақысының бірі қарағандылық Дарья Андрейченкоға бұйырды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Билл Гейтстің тегін бөлген 8 шәкіртақысының бірі қарағандылық Дарья Андрейченкоға бұйырды (ВИДЕО)

15.04.2016
Билл Гейтстің тегін бөлген 8 шәкіртақысының бірі қарағандылық Дарья Андрейченкоға бұйырды (ВИДЕО)

Билл Гейтстің шәкіртақысын жеңіп алған қарағандылық оқушы Дарья Андрейченко «Таңшолпан» бағдарламасы үшін арнайы сұхбат берді.

 «Бұл университетке түсу үшін өте жоғары талаптар қойылған. 32 мың адамның арасынан іріктеп, тек 1700-ін ғана қабылдайды. Соның бірі болғанымды мақтан тұтамын. Сонымен қатар, грант ұтып алдым. Бұл әлем бойынша тек 8 адамға ғана беріледі», дейді ол.

Оған бірден шетелдің бес университетінен оқуға шақырту келген. Ұстаздары Дарьяның бұл жеңісін табанды еңбектің нәтижесі деп бағалауда. 

Ал, анасы оның қолға алған ісіне үнемі қолдау білдіріп келеді. Талапты жас соның арқасында тек оқуда емес, спортта да жетістікке жетіп жүр. Қазір мәнерлеп сырғанаудан спорт шебері.

«Дарья үнемі ізденісте жүреді. Одан жалыққан емес. Нәтижесінде үлкен жеңіске қол жеткізді. Шамам келгенше оған үнемі қолдау көрсетіп отырамын», дейді анасы Марина Андрейченко.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу