«Ән салады мамандар» жобасының финалында «Каспий әуендері»  тобы шетелдік ән орындады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ән салады мамандар» жобасының финалында «Каспий әуендері»  тобы шетелдік ән орындады (ВИДЕО)

18.06.2017

Бүгін «Ән салады мамандар» жобасының финалы өтуде. Кәсіпқой әншілер емес, бірақ,  өз саласының білікті мамандары 4 ай бойы өнер көрсетті.  Солардың ішінен топ жарған топтар бүгін ақтық сында бақтарын сынайды.

Ақтаудан келген «Каспий әуендері» тобы  бүгінгі жобада алғаш болып өнерлерін ортаға салды. Олар шетелдік «Носа-носа» әнін жоғары деңгейде орындап шығып, қазылар алқасының оң бағасын алды.

Әбунасыр Серіков «Каспий әуендері»  тобының әнді  жүрекпен айтқандары көрінгендігін жеткізсе, Жанар Айжанова  қатысушылардың берілген тапсырманы ойдағыдай орындағанын айтты.  

Хабарламаларға жазылу