«Ән салады мамандар» жобасында «Тазалық сақшылары» тобы «МузАрт» тобының «Өз елім» әнін орындады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ән салады мамандар» жобасында «Тазалық сақшылары» тобы «МузАрт» тобының «Өз елім» әнін орындады (ВИДЕО)

08.04.2017

Бүгінгі «Ән салады мамандар» жобасында бірінші болып «Тазалық сақшылары» тобы өнер көрсетті.

Олардың тәлімгері - «BN» тобының әншісі Айдын Жұмахан.

Алматының тазалығына жауапты мамандар  «МузАрт» тобының «Өз елім» әнін орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қазылар алқасының мүшесі Әбунасыр Серіков «Орындауларыңыздан қазақтың кең пейілін көрдім, жүрекпен айттыңыздар», деп ерекше ықыласын білдірді.

Хабарламаларға жазылу