«Ән салады мамандар». «Жеті қазыналықтар» қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ән салады мамандар». «Жеті қазыналықтар» қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды (ВИДЕО)

13.05.2017

 «Ән салады мамандар» жобасында троллейбус паркі қызметкерлерінің «Жеті қазына» тобы бақ сынады. Топ мүшелері Роза Рымбаеваның орындауындағы «Мұңайма» әнін шырқады.

Тәлімгер – әнші Өмірқұл Айниязов. «Тобымның өнері көрерменге өте қызық болады деп ойлаймын», - дейді ол. 

Жобада  «жеті қазыналықтар» барын салып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Әбунасыр Серіков «Маған ұнады.  Шын жүректеріңізбен орындап шықтыңыздар, 80-жылдарға барып қайттым» десе, Жанар Айжанова «Ән жағынан келгенде қыздар барын салды, бізді  қойылым баурап алды»,  - деген бағасын берді.

Хабарламаларға жазылу