Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторясының профессоры Сержан Шәкіратты Маңғыстау жұртшылығы ерекше құрметтейді. 5 жасынан домбыра ұстаған өнерпаз осы күнге дейін аспабын қолынан тастаған емес. Есбай, Есір, Құлшар, Өскембай күйлерді насихаттап, жиған мұраларын шәкірттеріне үйретіп жүр.
«Күй – ата-бабамыздан келе жатқан көне өнер. Бұл - керемет және қасиетті өнер. Қазір заман өзгерді, информация етек алып бара жатыр. Жастар көбінесе жеңіл өнерге құмар. Күй - күрделі өнер.
Мен алғаш рет қолыма домбыраны 5 жасымда алдым. Домбыраны ойнауды білмейтінмін, алайда оны сездім. 7 жасымда немере ағам әскерден оралды. Ол Маңғыстауда керемет домбырашы еді. Сол кісіден үйрендім. Бірақ, нота емес, құлаққағыс тыңдап, домбыра ойнауды үйрендім.
Консерваторяға келгенде теоретиктер менімен шұғылданды. Мен оларға «Нота үйренсем қалай болады?» деп едім маған «керек емес, осы күйде жүре беріңіз» деді.
Алайда, әке-шешем, туыстарым бұл өнерімді ұнатпады. Сондықтан журналистика мамандығын таңдадым», -дейді күйші.