«Әйел бақыты». Жасырын кейіпкер: Қызымның бағын өзім байладым (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». Жасырын кейіпкер: Қызымның бағын өзім байладым (ВИДЕО)

04.04.2017

Бала - бақытың, бағың. Баласының сезімін емес, өздерінің пікірін жоғары қойып, жар таңдап беретін ата-аналар бар. Алайда, ол дұрыс па? Ата-ананың аса қамқорлығы жастарға кесірін тигізбей ме?

Студияға келген жасырын кейіпкер өз мұңы туралы айтып берді.

«Бір ұл, бір қызым, үш немерем бар. Қызымды жүрген жігітіне тұрмысқа бергім келмеді. Шаруадан шыққан жігіт еді. «Қызымның бабын таба алмай, жағдайын жасай алмай ма?» деп ойладым.

Сөйтіп, жолдас қызымның ағасының баласымен таныстырдық. Екеуі бір-бірін көрді. Қызым ол кезде 22 жаста еді. Сосын екеуі үйленді. Алайда, қазір қызым бақытты емес. Араларында бала болса да, сүйіп кете алмады. Жүрекке әмір жүрмейтінін түсіндім. Ақырында екеуі ажырасты. Ортада үш бала қалды. Қазір балаларымен менің қолымда.

Бұрынғы жігіті үйленіп, мұғалім болып кетті. Қызым оны көрген сайын, есіне алып тұрады. Әрине, менің жүрегім ауырмасын деп мені кінәламайды. Алайда, мен осы ісіме өкінемін»,- дейді кейіпкер.

Хабарламаларға жазылу