Бүгінгі «Ән салады мамандар» шоуында «Жалын жүректілер»  тобы жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгінгі «Ән салады мамандар» шоуында «Жалын жүректілер»  тобы жеңіске жетті

25.03.2017

Жоба ережесі бойынша, үміткерлердің тағдырын қазылар алқасы шешеді. Олар ақылдаса келе бірінші болып «Ұлы дала кілемдері»  жобадан кететіндігін мәлімдеді. Ал,  шарт бойынша жобаны тек бір ғана топ жалғастыруы керек.  Қазылар алқасы музыкалық шоуды  қалған екі топтың қайсы жалғастыратынын дауыс беру арқылы шешуді ұйғарды.

Студия қонақтары арнайы құрылғымен қалған екі топқа дауыс беріп, оның  қорытындысы бойынша  «Жалын жүректілер»  тобы  жеңімпаз деп танылды.

Бұл - жеңістің басы ғана, нағыз тартыс алда. Айта кетейік, жобаны әр сенбі сайын 20:35-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу