Қаза тапқан ұшқыштардың отбасына көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаза тапқан ұшқыштардың отбасына көмек көрсетіледі

26.09.2014
Қаза тапқан ұшқыштардың отбасына көмек көрсетіледі

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқу-жаттығу барысында қаза болған ұшқыштардың отбасыларына көңіл айтты.

Орны толмас қаза екі шаңыраққа да ауыр тиіп отыр. Подполковник Ерлан Науановтың артында төрт баласы қалды. Ал штаб басшысы Денис Горбуновтың екі ұлы әкесінен айрылды.

Өңір басшылары әр отбасыға 2 миллион теңге қаржылай көмек көрсетпек. Сондай-ақ, басқа да әлеуметтік мәселелерін шешіп беруге сенім білдірді.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу