Бүгін Ұлттық арнада «Ән салады мамандар» музыкалық шоуының тұсаукесері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арнада «Ән салады мамандар» музыкалық шоуының тұсаукесері

25.03.2017
Бүгін Ұлттық арнада «Ән салады мамандар» музыкалық шоуының тұсаукесері

Бүгіннен бастап «Қазақстан» Ұлттық арнасында  «Ән салады мамандар» музыкалық шоуы басталады.

Олар Сіз бен біз сияқты қарапайым адамдар – әр түрлі саланың мамандары. Әрқайсысы өз ісінің шебері – бұл олардың өмірі, қызығушылығы, елдің дамуына қосқан үлесі.  Бірақ, енді оларға өзге бір мамандық иесімен сахнаға шығып, ән салудан жарысқа түсуге тура келеді.

Әр бағдарламада қатысушы командалардың үштігі өзара бақ сынасады. Жарыстан соң олардың тек біреуі ғана келесі кезеңге өтеді. Жоба барысында телекөрермендеріміз әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктерін байқайды. Олар әр түрлі, бірақ барлығын байланыстыратын бір нәрсе – ол әнді өзгелерден айрықша орындау.

Жүргізушілер: Ержан Нұрсұлтан, Жансерік Бейсеев.

Қазылар алқасының құрамы: Жанар Айжанова, Арман Дүйсенов және Әбунасыр Серіков.

 «Ән салады мамандар» музыкалық шоуын «Қазақстан» Ұлттық арнасынан бүгін сағат 20:35-те көре аласыздар. Жоба әр сенбі сайын эфирге шығады.

 

Хабарламаларға жазылу