Ұлттық арнада «Ән салады мамандар» жобасы басталады! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада «Ән салады мамандар» жобасы басталады!

18.03.2017
Ұлттық арнада «Ән салады мамандар» жобасы басталады!

25 наурыздан бастап «Қазақстан» Ұлттық арнасында  «Ән салады мамандар» музыкалық шоуы басталады.

Олар Сіз бен біз сияқты қарапайым адамдар – әр түрлі саланың мамандары. Әрқайсысы өз ісінің шебері – бұл олардың өмірі, қызығушылығы, елдің дамуына қосқан үлесі.  Бірақ, енді оларға өзге бір мамандық иесімен сахнаға шығып, ән салудан жарысқа түсуге тура келеді.

Әр бағдарламада қатысушы командалардың үштігі өзара бақ сынасады. Жарыстан соң олардың тек біреуі ғана келесі кезеңге өтеді. Жоба барысында телекөрермендеріміз әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктерін байқайды. Олар әр түрлі, бірақ барлығын байланыстыратын бір нәрсе – ол әнді өзгелерден айрықша орындау.

«Ән салады мамандар» музыкалық шоуын «Қазақстан» Ұлттық арнасынан 25 наурыздан бастап сағат 20:35-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу