«Ән салады мамандар» жобасының алғашқы қатысушылары – «Көшпенділер» командасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ән салады мамандар» жобасының алғашқы қатысушылары – «Көшпенділер» командасы

22.04.2017

«Ән салады мамандар» жобасының алғашқы қатысушылары – сақтандыру компаниясының қызметкерлерінен құралған «Көшпенділер» командасы.

Тәлімгер – әнші Асхат Тарғынов.

 «Мен бұл топқа сенемін. Басында топ мүшелерінің ән айтуға деген икемі келмейтін шығар деп ойлағанмын. Бірақ олай болған жоқ. Тобымдағы қыз-жігіттер ең бастысы талапты», - дейді әнші Асхан Тарғынов.

«Көшпенділер» топ Музарт тобының «Арман-ай» әнін орындады.

Айта кетейік, «Ән салады мамандар» бағдарламасының кезекті шығарылымда үш топтың ішінен үздік деп «Жолаушы» командасы танылды. 

Естеріңізге саламыз, «Ән салады мамандар» музыкалық шоуы эфирге әр сенбі 20:35-те шығады.

Бағдарламаның толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу