27 ақпаннан бастап «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Бозторғай» телехикаясы эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

27 ақпаннан бастап «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Бозторғай» телехикаясы эфирге шығады

26.02.2017
27 ақпаннан бастап «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Бозторғай» телехикаясы эфирге шығады

27 ақпаннан бастап «Қазақстан» телеарнасы көрермендеріне махаббат дастанын тарту етпек.

Оқиға желісі бала күнінде тым ерке болғандықтан жақындары «бозторғай» атап кеткен Фериде атты бойжеткеннің айналасында өрбиді.

Фериде  анасынан ерте айырылады. Ал, әкесі әскери қызметте болғандықтан, қызының тәрбиесіне лайықты көңіл бөле алмай, оны пансионатқа оқуға жіберуге мәжбүр болады. Фериде оқуынан бос уақытын Бетима апайының үйінде өткізеді.

Арада біраз уақыт өткен соң, әкесінің қаза тапқаны туралы қаралы хабар келеді. Қас пен көздің арасында тұл жетімге айналған Феридені Бетиме апайы өз қамқорлығына алады. Оның Феридеден басқа Кямран және Неджмие атты екі баласы бар.

Уақыт өтіп, Фериде әдемі бойжеткенге айналады. Бір күні Кямранға ғашық болып қалғанын түсінеді, себебі қайда болса да, тек сол жайлы ойлай береді.  Фериде сезімін Кямраннан қанша жерден жасырғысы келгенімен, жүрекке әмір жүрмейді, ал махаббатқа толы көздерін одан алып қаша алмайды. Бұл махаббат оқиғасының жалғасы қалай болмақ? Кямранның ойында не бар?

Айта кететін жайт, телехикаяның басты кейіпкерлері түрік киносындағы жұлдызды жұптардың бірі - Бурак Озчивит пен Фахрийе Эвджен. Шынайы өмірде олар бір-біріне күйеу жігіт пен қалыңдық болып келеді. Сондықтан, әдемі  жұптың экрандағы бейнелерін тамашалау көрерменге екі есе қызықты болмақ.

Аталмыш телехикая түрік жазушысы Решат Нури Гюнтекинның «Бозторғай»  атты романының желісі бойынша түсірілген. Бұған дейін туындының алғашқы кинонұсқасы 1986 жылы көгілдір экранға шығып, көрермендерді тәнті еткен болатын. Ал, Түркияның белгілі актрисасы Айдан Шенер басты рөлді керемет сомдап шықты десек, артық болмас.

«Бозторғай» телехикаясын Ұлттық арнадан 27 ақпаннан бастап дүйсенбі-жұма аралығында сағат 22:35-те тамашалай аласыздар!

Хабарламаларға жазылу