«Қазақстан» Ұлттық арнасында отандық «Көзайым» телехикаясы эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық арнасында отандық «Көзайым» телехикаясы эфирге шығады

18.03.2017
«Қазақстан» Ұлттық арнасында отандық «Көзайым» телехикаясы эфирге шығады

23 наурыздан бастап «Қазақстан» Ұлттық арнасында отандық «Көзайым» телехикаясы көрерменге жол тартады.

Туынды сюжеті екі жастың арасындағы қарым-қатынасқа негізделген. Ауқатты отбасында дүниеге келген Еркебұлан Көзайым атты бойжеткенді өзіне қаратамын деп достарымен бәстеседі. Алайда, уақыт өте келе Көзайымға қалай ғашық болып қалғанын аңғармай қалады.

Ал, Көзайым болса, ғаламтор арқылы сөйлесіп жүрген Сұлтан атты жігітті ұнатады. Ол Сұлтанмен  «Coz I am» деген никпен араласатын. Арада сәл уақыт өткен соң, Көзайым Сұлтан мен Еркебұланның ағайынды екенін біледі.

Көзайым кімді таңдайды? Ағайындылар үшін бауыр маңызды ма әлде махаббат биік пе?

23 наурыздан бастап сағат 21:35-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан«Көзайым» телехикаясын тамашалаңыздар!

Хабарламаларға жазылу