Бүгіннен бастап «Ана» телехикаясы эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап «Ана» телехикаясы эфирге шығады

16.10.2017

Бүгін, яғни 16 қазаннан бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Ана» түрік телехикаясы эфирге шығады.

Телехикая ересектер тарапынан нақтырақ айтсақ, павильонда жұмыс істейтін анасы мен оның сүйіктісінен қатыгездік көрген кішкентай қыз баланың тағдыры туралы. Өмірде қанша қиындық көрсе де,  бала нәзік, әрі қиялы  жүйрік болып өседі. Болашақта оның өмірі түзелетініне сенімі мол кішкентай қыз Зейнепті кездестірген сәттен бастап түсінеді.

Мектепте уақытша жұмыс істеп жүрген Зейнеп, бір университеттен өзінің жобасына қатысты жауап күтіп жүрген болатын. Жұмысқа келген сайын ол ашығып, өне бойы көгеріп жүрген қызды көріп  бала үшін қаншалықты қажет екендігін сезеді.

Өзінің жоспарлары мен армандарын ұмытып, аналық сезімі оянып, өмірін кішкентай қызға арнауға бел буады. Сондықтан, ол қызды жаңа өмір бастау үшін алысқа алып кетеді...

Телехикаяда басты рөлдерді Джансу Дере, Вахиде Перчин, Берен Гёкйылдыз, Джан Нергис сомдайды. 

Туынды дүйсенбі-жұма, 22:45-те көрермен назарынан ұсынылмақ. 

Хабарламаларға жазылу