Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Қазақстан-Нидерланд матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Қазақстан-Нидерланд матчын тікелей эфирде көрсетеді

10.10.2015
Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Қазақстан-Нидерланд матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін елордадағы «Астана-Арена» стадионында EURO-2016 іріктеу турнирі аясында Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Нидерланд футболшылары кездеседі.

2014 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегерлеріне қарсы матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 21:40-та тікелей эфирде көрсетеді.

Ұлттық арнадағы негізгі трансляциядан бөлек «KAZsport» арнасында сағат 21:00 де арнайы жоба эфирге шығады. 40 минутқа жоспарланған тікелей эфир барысында студия қонағы мен жүргізуші Қазақстан-Нидерланд матчы туралы ойларын ортаға салады.

Хабарламаларға жазылу