20 ақпан - Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттік күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20 ақпан - Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттік күні

21.02.2017
20 ақпан - Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттік күні

20 ақпан, дүйсенбі, 2017 жыл

Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттік күні

БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы қарарымен 2007-ші жылғы желтоқсанның 18-інде жарияланған.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

97 жыл бұрын (1920) қазіргі «Солтүстік Қазақстан» облыстық газетінің алғашқы саны «Кедей сөзі» деген атаумен жарық көрді. 1993 жылдан бастап қазіргі атауымен басылып көріп келеді. Директоры, әрі бас редакторы - Мұсырман Кәрібай Иманжанұлы.

85 жыл бұрын (1932) Шығыс Қазақстан облысы құрылып, орталығы Семей қаласы болды (бүгінгі таңда облыс орталығы - Өскемен қаласы). Облыс құрамына 21 аудан кірді.

ЕСІМДЕР

119 жыл бұрын (1898-1938) мемлекет және қоғам қайраткері САРМОЛДАЕВ Қабылбек дүниеге келді.

118 жыл бұрын (1889-1938) - Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Жетісудағы алғашқы ақындар айтысын ұйымдастырушы ЖАНДОСОВ Ораз Қиқымұлы дүниеге келді.

103 жыл бұрын (1914-1979) актер, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, соғыс ардагері ТҰРСЫНОВ Жүсіпбек дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1944-1998) филология ғылымының докторы БАЙТАНАЕВ Болат Әбішұлы дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу