28 қаңтар - Мәліметтерді қорғау күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

28 қаңтар - Мәліметтерді қорғау күні

27.01.2017
28 қаңтар - Мәліметтерді қорғау күні

28 қаңтар, сенбі, 2017 жыл

Ядролық қаруға қарсы жұмылудың халықаралық күні

1985 жылы Үндістан, Аргентина, Грекия, Мексика, Танзания және Швецияның мемлекет және үкімет басшыларының Делиде өткен кездесуінде Дели декларациясы қабылданды. Онда ядролық қаруы бар ірі мемлекеттерді, басқа да елдердің парламенттері мен үкіметтерін ядролық қаруды көбейту ісіне қарсылық білдіруге шақырды.

Мәліметтерді қорғау күні

Жеке мәліметтерді қорғау туралы конвенцияға сәйкес 28 қаңтар Мәліметтерді қорғау күні болып белгіленді. Бұл күнді өткізу мақсаты азаматтардың өздері туралы қандай мәліметтер не үшін жиналып жатқанынан хабардар ету болды. Бұл күн 2007 жылы белгіленді және алғаш рет аталып өтті.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

62 жыл бұрын (1955) Қазақ КСР халық әртісі Асқар Тоқпанов Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы жанынан театр факультетін ашты, 1977 жылы оның базасында Алматы театр-көркемсурет институты ашылды.  

23 жыл бұрын (1994) «Түркістан» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді.

ЕСІМДЕР

69 жыл бұрын (1948)  қолөнер шебері, суретші,  Қазақстандағы ұлттық этнодизайнның негізін қалаушы БӨЛТІРІКОВА Сәуле Төлебайқызы дүниеге келді.  

60 жыл бұрын (1957) К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының әншісі  АСАМБАЕВ Қияқбай Мұзапарұлы дүниеге келді.

130 жыл бұрын (1887-1982) көрнекті поляк және американ пианисі  Артур РУБИНШТЕЙН дүниеге келді.

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу