Қарағанды облысындағы мешітте 3 адам газдан уланып қайтыс болды

30.01.2020

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы орталық мешітте 3 адам газдан уланып қайтыс болды. Олардың бірі - сонда от жағушы болып істеген 22 жастағы азамат. Қалған екеуі де - бозбалалар. 

Олар 28 қаңтар күні түс ауа Алла үйіне келген. Жарық сөніп қалғандықтан, жылыту жүйесін дизельді генератор арқылы іске қосқан. Артынша өздері ұйықтап қалып, иіс тиген. Сұлық жатқан жерінен түнгі сағат 23:00 шамасында тауып алған. Ауруханаға жеткізгенімен, жігіттер ес жимады. Полиция мән-жайды анықтауда. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу