17 қараша - Халықаралық студенттер күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

17 қараша - Халықаралық студенттер күні

17.11.2016
17 қараша - Халықаралық студенттер күні

17 қараша,  бейсенбі, 2016 жыл

Халықаралық студенттер күні

Прагада 1939 жылғы 17 қарашада неміс-фашист басқыншылары атып өлтірген чех патриот-студенттерін мәңгі есте қалдыру құрметіне, Прагада 1946 жылы өткен Дүниежүзілік студенттер конгресінде бекітілді.

ъххъъхъ

Дүниежүзілік философия күні

2005 жылы ЮНЕСКО Бас конференциясының 33 сессиясында жарияланды және жаһандық деңгейде әлемдік қоғамдастықты философиялық ой  байлығына тарту үшін жыл сайын қарашаның үшінші бейсенбісінде өтеді.

оееее

Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні

Жыл сайын қарашаның үшінші бейсенбісінде әлемнің біпрқатар елдеріне атап өтіледі. 1977 жылы америкалық онкологиялық қоғам белгілеген.  

er

Халықаралық шала туған балалар күні

2009 жылы   жаңа туған нәрестедердің күту бойынша  Еуропалық қордың (European Foundation for the Care of Newborn Infants, EFCNI) бастамасымен құрылды.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

179  жыл бұрын (1837) 17-24 қараша күндері Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Жасқұста хан жасағымен шайқасты.

18 жыл бұрын (1998) Қазақстан Азаматтық партиясы құрылды.


ЕСІМДЕР

77 жыл бұрын (1939) техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық көлік академиясының академигі, Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетінің ректоры Рахымжан Әбілқасымұлы ҚАБАШЕВ  дүниеге келді.

72 жыл бұрын (1944) физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Ғылымдар Академиясының, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі  Серік Ешмұхамбетұлы КӨМЕКОВ дүниеге келді.

96 жыл бұрын (1920-1991) ғалым, дерматолог-венеролог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері  Раиса Кәрімқызы МАҚАШЕВА  дүниеге келді.

76 жыл бұрын (1940) ғалым, тарихшы-археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Берлиндегі Неміс археологиялық институтының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері   Карл Молдахметұлы БАЙПАҚОВ  дүниеге келді.

43 жыл бұрын (1973) шахматшы, гроссмейстер, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұртас Мұратұлы ҚАЖЫҒАЛИЕВ  дүниеге келді.

226 жыл бұрын (1790-1868) неміс математигі және астрономы Август МЕБИУС дүниеге келді.

50 жыл бұрын (1966) француз кинактрисасы және режиссері МАРСО  Софи дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу