Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен сарбаз Жанболат Бозбанов әлі табылмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен сарбаз Жанболат Бозбанов әлі табылмады

25.01.2018

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы 21/450 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбазды іздестіруге  әскери бөлімнің жеке құрамы, Гвардейский гарнизоны әскери полициясы бөлімі және жергілікті ішкі істер органдары жұмылдырылған. Естеріңізге сала кетейік, сарбаз 21-қаңтар күні кешкілік әскери бөлімде болмай шыққан. Қаңтардың 23-күні Атыраудан Отарға жеткен Жанболаттың ағасы мен жездесі «қазір іздестіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр», -  дейді. 19 жасқа қараған сарбаз Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылынан шақыртылған.

Хабарламаларға жазылу