63 жыл бұрын (1954) әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

63 жыл бұрын (1954) әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова дүниеге келді

19.01.2017
63 жыл бұрын (1954) әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі  Бисара Мәкенова  дүниеге келді

20 қаңтар, жұма, 2017 жыл

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

98 жыл бұрын (1919) Верныйда (қазіргі Алматы) Жетісу жыршы-ақындарының слеті өтті. Оған халық ақыны Жамбыл Жабаев қатысты.

23 жыл бұрын (1994) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан алғашқы телехабарлар таратудың ғарыштық қондырғысы - «Галс» ұшырылды.

10 жыл бұрын (2007) Өскеменде «Жартастағы өрнектер» бірегей көрмесі ашылды.

10 жыл бұрын  (2007) республикада К. Бәйсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры сахнасында Есмұхан Обаевтің «Қалқаман-Мамыр» опера-балетінің премьерасы өтті.

 

ЕСІМДЕР

77 жыл бұрын (1940) ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор ӨСЕРҰЛЫ Нұралы дүниеге келді.

67 жыл бұрын (1950) кәсіби журналист, палеонтолог, орыстілді басылымдардың бүкіләлемдік қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері КОЧЕНОВ Владимир Григорьевич дүниеге келді.

63 жыл бұрын (1954) әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі МӘКЕНОВА Бисара дүниеге келді.

38 жыл бұрын (1979) ақын, «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты ХАМЗИН Тоқтарбек дүниеге келді.

97 жыл бұрын (1920-1993) көрнекті итальян кинорежиссері Федерико ФЕЛЛИНИ дүниеге келді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу