Кеме бортында қандай ережені есте сақтау керек? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеме бортында қандай ережені есте сақтау керек? (ВИДЕО)

11.12.2016
Кеме бортында қандай ережені есте сақтау керек? (ВИДЕО)

Әскери теңіз күштері қызметінде командир кеме бортына келген кезде қандай ережені есте сақтауы керек?

«Кемеде әр жерде шығып тұрған түрлі темірлер көп. Сол себепті бортта мұқият жүру керек. Сонымен қатар, кемеге кірерде оң жағымен кіріп, сол жағымен шығу қажет. Бұл – кеменің бұлжымас қағидасы. Кемедегі арқандарды орынсыз қозғауға болмайды. Өйткені, кеме жолға аттанарда немесе үлкен дауылдарда адамның қолын немесе аяғын жұлып түсуі мүмкін», -дейді кеме боцманы Ғалымжан Қойшыбекұлы.

Кеме ішіндегі тыныс-тіршілікпен танысқыңыз келсе, «Ақсауыттың» толық нұсқасын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу